«Өз ұстанымдарым бар». Черчесов Қазақстан құрамасынан кеткеннен кейін мойындау жасады

Футбол
kff.kz
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов «Матч ТВ» арнасындағы эфирде өз командаларында пенальти орындаушыларды қалай таңдағаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Bassport.kz.
— Әр бапкердің өз ұстанымы болады. Мен әрқашан екі пенальти орындаушысын тағайындайтынмын. Бір ойыншы өзіне деген сенімділігін жоғалтуы мүмкін немесе жарақат алып қалуы ықтимал. Түрлі жағдайлар болады. Бірақ негізгі пенальти орындаушысы және қосалқы орындаушы болады. Егер негізгі ойыншы бір рет мүлт кетсе, келесі пенальтиді екінші ойыншы орындай алады, — деді Черчесов «Матч ТВ» арнасындағы «Футболдан кейін Георгий Черданцевпен» бағдарламасында.