Ла Лига басшысы Тебас: АПЛ-да ақша ысырап болып жатыр, біздің лига ең тиімдісі

Футбол
Gettyimages
Ла Лига президенті Хавьер Тебас Испания футбол чемпионаты спортқа инвестиция салу тұрғысынан ең тиімді лига екенін мәлімдеді. Бұл ретте функционер АПЛ мен Италияның Серия А-сын мысалға келтірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
«АПЛ-да ақша ысырап болып жатыр, біз спортқа инвестиция салу тұрғысынан ең тиімді лигамыз. Италия өз чемпионатының дамуына аз қаражат салмайды, бірақ оның ойыншылары трансфер нарығында жоғары бағаланбайды. Біз экономикалық тиімділік пен лиганың тұтастығына ұмтылуымыз керек.
Бізде клубтар чемпионаттың дамуына ең көп инвестиция салады. Қазіргі өнімділік формасы ең өзекті болып табылады», — деп Тебастың сөзін AS атты танымал испан онлайн-басылымы келтірді.