УЕФА қазақстандық клубтарға 2,3 миллион еуродан астам төлегені белгілі болды

УЕФА қазақстандық клубтарға 2,3 миллион еуродан астам төлегені белгілі болды
Футбол

fcastana.kz

УЕФА ұлттық құрамалар турнирлеріне футболшылардың қатысқаны үшін қазақстандық клубтарға 2,3 миллион еуродан астам төледі, деп хабарлайды Bassport.kz. сайты KazFootball.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

УЕФА-ның клубтарға олардың ойыншыларының 2020-2024 жылдар аралығында ұлттық құрамалар матчтарына қатысқаны үшін өтемақы төлеу бағдарламасы аясында барлық 55 ұлттық қауымдастықтан 901 клуб арасында рекордтық 233 миллион еуро бөлінді.

Қазақстандық клубтар осы бағдарлама аясында жалпы 2 308 829 еуро алды. Бұл төлемдер 2020 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және Ұлттар лигасының матчтарымен, Еуро-2024 іріктеуімен және турнирдің финалдық бөлігімен байланысты.

Сонымен қатар, клубтар халықаралық үзілістер кезінде өз құрамаларына аттанатын легионерлер үшін де төлем алады.

Қазақстандық клубтар арасында ең көп соманы "Астана" алды — 673 256 еуро.
Сондай-ақ, келесі клубтарға да айтарлықтай төлемдер түсті:

"Тобыл" — 347 605 еуро;

"Ордабасы" — 270 766 еуро;

"Қайрат" — 263 448 еуро;

"Шахтёр" — 168 314 еуро;

"Ақтөбе" — 208 563 еуро;

"Тараз" — 95 134 еуро;

"Қайсар" — 84 157 еуро;

"Жетісу" — 58 544 еуро;

"Ақсу" — 36 590 еуро;

"Қызылжар" — 29 272 еуро;

"Каспий" — 29 272 еуро;

"Мақтаарал" — 21 954 еуро;

"Тұран" — 14 636 еуро;

"Атырау" — 7 318 еуро.