Эдуардо Камавинга кубоктың финалына қатыспайды

Эдуардо Камавинга кубоктың финалына қатыспайды

Getty Images

Мадридтік «Реал» клубының баспасөз қызметі команда жартылай қорғаушысы Эдуарду Камавинганың ауыр жарақат алғанын растады, деп хабарлайды Bassport.kz сайты. Айта кетейік, бұл футболшы сол қапталдағы қорғаушы позициясында да ойнай алады. Француз ойыншының Испания Кубогының «Барселонаға» қарсы финалын өткізіп алуы әбден мүмкін.

«Жасалған медициналық тексерістен кейін Эдуардуда санның ішкі бұлшықет сіңірінде жыртылу бар екені анықталды», – делінген мадридтік клубтың ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Испания Кубогының финалы сенбі, 26 сәуір күні өтеді. Ойын Севильядағы «Олимпико де Севилья — Ла Картуха» стадионында болады. Кездесудің бас төрешісі ретінде Рикардо Де Бургос Бенгоэчеа тағайындалған.