Пневмония диагнозымен ауруханаға түскен «Ньюкасл» командасының бас бапкері жұмысқа қайта оралды

Футбол
globallookpress.com
Ағылшын клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша, АПЛ-дің 32-турындағы «Манчестер Юнайтедке» қарсы матчтан (4:1) бір күн бұрын пневмониямен ауруханаға түскен «Ньюкасл» бас бапкері Эдди Хау командамен қайта жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
«Ньюкасл Юнайтед» клубы Эдди Хаудың жаттығу базасына оралып, өз міндеттеріне қайта кіріскенін қуанышпен хабарлайды. Эдди жуырда пневмониямен ауруханаға түскен еді, енді сауығып, жұмысын жалғастырып жатыр», – делінген клубтың ресми хабарламасында.
Қазір «сорғылар» Англия чемпионатының турнирлік кестесінде бесінші орында тұр. Олар 34-тур аясында 26 сәуір күні өз алаңында «Ипсвич» командасын қабылдайды.