Ислам Махачев Джастин Гейджимен жекпе-жек өткізеді (Чейл Соннен)

Бокс
Жекпе-жек
Chris Unger/Getty Images
Чейл Соннен Ислам Махачев кіммен жекпе-жек өткізетінін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
«Мен бұл ақпаратқа сенбеймін, бірақ оны айтқан адамға сенуге мәжбүрмін. Ислам Махачев чемпиондық белбеуді Джастин Гейджиге қарсы қорғайды», – деді UFC-дің бұрынғы жауынгері Чейл Соннен.
UFC 313 турнирінде Гейджи соңғы жекпе-жегінде Рафаэль Физиевті жеңді. Ал Махачев қаңтарда UFC 311 турнирінде Ренато Мойканоны жеңіп шықты.
Бұған дейін Ислам Махачевті жекпе-жекке шақырған Илия Топурия UFC 317 турнирінде чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізетіні хабарланған еді.