Геннадий Головкин бокс әлеміндегі тарихқа енді

Геннадий Головкин бокс әлеміндегі тарихқа енді
Бокс

ҰОК

Орта салмақтағы бұрынғы абсолютті чемпион, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин АҚШ-та ең көп билет сатылымы бойынша алғашқы он жекпе-жектің қатарына енді, деп хабарлайды Bassport.kz.

GGG бұл тізімге екі бірдей жекпе-жегімен енді. Әңгіме Геннадийдің мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өткізген бірінші және екінші жекпе-жегі туралы.

Бірінші кездесу 2017 жылы Лас-Вегаста өтті. Жекпе-жек тең аяқталғанымен, көптеген мамандар жеңісті Головкинге берген. Бұл кеште 27,1 миллион доллар көлемінде билет сатылған.

Екінші айқас 2018 жылы өтті. Төрешілер шешімімен Канело жеңіске жеткен бұл жекпе-жекте 23,5 миллион доллар табыс түскен.

2024 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша АҚШ-тағы ең табысты бокс оқиғаларының тізімі мынадай:

1. Флойд Мейвезер – Мэнни Пакьяо — 72,2 млн доллар

2. Флойд Мейвезер – Конор Макгрегор — 55,4 млн

3. Канело Альварес – Геннадий Головкин — 27,1 млн

4. Канело Альварес – Геннадий Головкин 2 — 23,5 млн

5. Джервонта Дэвис – Райан Гарсия — 22,8 млн

6. UFC Noche Sphere — 22 млн

7. Эррол Спенс – Теренс Кроуфорд — 21 млн

8. Флойд Мейвезер – Канело Альварес — 20 млн

9. Флойд Мейвезер – Оскар Де Ла Хойя — 19 млн

10. Джейк Пол – Майк Тайсон — 18,1 млн

Головкин кәсіби рингте 42 жеңіске жетіп (оның 37-сі нокаутпен), 2 рет жеңіліп, 1 мәрте тең түсті. Ол WBC, WBA, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болды.