Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы басты жекпе-жекте күтпеген нәтиже көрсетті

Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы басты жекпе-жекте күтпеген нәтиже көрсетті
Бокс

Instagram

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO) АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Садриддиннің қарсыласы Мексика өкілі Элиас Эспадас (23-6-1, 16 KO) болды. Бірінші орта салмақтағы бұл жекпе-жек он раундқа жоспарланған және тең нәтижемен аяқталды.

Осылайша, Ахмедов кәсіби мансабында алғаш рет жеңіссіз қалды. Бұған дейін ол 15 жекпе-жектің бәрін жеңіп келген болатын.

Бұл Садриддин Ахмедовтің 2025 жылғы алғашқы айқасы болды. Өткен жылы ол екі кездесу өткізіп, екеуінде де қарсыластарын нокаутпен жеңген еді — Антонио Тодд пен Рафаэль Игбоквені мерзімінен бұрын тоқтатқан.