Фабио Капелло 2006/2007 маусымындағы чемпиондық жайлы: «Роналдоны жіберу қажет болды»

Фабио Капелло 2006/2007 маусымындағы чемпиондық жайлы: «Роналдоны жіберу қажет болды»
Футбол

Мадридтік «Реалдың» бұрынғы бас бапкері Фабио Капелло 2006/2007 маусымында «Корольдік клубтың» бас бапкері ретінде соңғы сегіз турда «Барселонадан» бес ұпай артта қалып, қалай чемпион атанғанын айтып берді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

«Жеңіске жетудің себебін бірнеше жолмен түсіндіруге болады. Бірінші кезекте – Роналдоны жіберу қажет болды. Сосын – менің табанды сөзім… Иә, біз «Барселадан» еш кем түскен жоқпыз. Әр ойынды Чемпиондар лигасының финалы сияқты қабылдау керек болды. Мен ойыншыларды осыған сендірдім. Сол сәттен бастап маусым соңына дейін бұл туралы ұмытуға тыйым салынды», – деп келтіреді Капеллоның сөзін Relevo басылымы.

Еске салайық, 2006/2007 жылғы маусымның соңында Капелло мен аты аңызға айналған бразилиялық шабуылшы Роналдоның арақатынасы шиеленісіп, ашық қақтығысқа ұласқан еді.