Сәкен Бибосынов қазақ еліне бокстан дәрежелі жарыстан алғашқы алтын сыйлады

Сәкен Бибосынов қазақ еліне бокстан дәрежелі жарыстан алғашқы алтын сыйлады
Бокс

Тұрар Қазанғапов / ҚР ХОК

Қазақстан құрамасының жетекші боксшыларының бірі Сәкен Бибосынов бүгін Хабаровскіде (Ресей) аяқталған Константин Коротковты еске алу турнирінің финалдық жекпе-жегін өткізді, деп жазады Bassport.kz.

54 келі салмақ дәрежесінде өткен шешуші жекпе-жекте Бибосынов ринг иесі – ресейлік Денис Пальшинмен кездесіп, үш раундтан кейін төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Сәкен Бибосынов турнир жеңімпазы атанып, Пальшин күміс медальді қанағат тұтты. Айта кету керек, бұл – Қазақстан құрамасының аталған турнирдегі алғашқы алтын медалі.

Еске сала кетсек, жартылай финалда 2021 жылғы әлем чемпионы және 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов өзбекстандық Фарөзбек Дусматовты 5:0 есебімен сенімді түрде жеңген болатын. Айта кетсек, Фарөзбек – екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтың туған бауыры.