Абель Санчес Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегі алдында маңызды мәлімдеме жасады

Абель Санчес Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегі алдында маңызды мәлімдеме жасады
Бокс

ON.kz

Орта жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтің (15-0, 13 KO) бапкері, әйгілі маман Абель Санчес шәкіртімен бірге алдағы жекпе-жекке дайындық жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Ахмедов 19 сәуір күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 KO) шаршы алаңға шығады. Қазақстан уақытымен жекпе-жек 20 сәуір күні таңертең өтеді. Бұл кездесу кештің басты айқасы болмақ.

— Бұл оңай жекпе-жек емес. Бірақ Садриддин өте жақсы жаттықты, мықты спаррингтер өткізді. Бұл оның әлем чемпиондығына апарар тағы бір маңызды қадамы болады деп үміттенемін. Мен ешқашан қарсыластың не істей алатынына алаңдамаймын. Маңыздысы — менің боксшымның не істей алатыны. Қазір Садриддин ең үздік бабында, сондықтан қарсылас кім болатыны біз үшін маңызды емес.
Біз ешкімге бейімделмейміз — керісінше, олар бізге бейімделуі керек, — деді Санчес жекпе-жек алдында.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов осыған дейінгі 15 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетіп, соның 13-ін нокаутпен аяқтаған.