Жәнібек Әлімханұлының үш бірдей әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жек күні белгілі болды

Нұрғали Жұмағазы
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен WBC белбеуінің иегері Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) арасындағы біріккен чемпиондық жекпе-жек шілде айына жоспарланып отыр, деп хабарлайды Bassport.kz подкастер Broadway Joel-дің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Бұған дейін инсайдер қос боксшының командалары жекпе-жекке байланысты келіссөз жүргізіп жатқанын мәлімдеген болатын. Broadway Joel бұл айқастың 2025 жылдың шілде айында өтуі мүмкін екенін нақтылап отыр.
Еске салайық, екі боксшы да жақында шаршы алаңға шықты. Карлос Адамес 22 ақпанда британдық Хамза Ширазбен (21-0-1, 17 KO) тең түсті. Ал «Қазақ стилі» Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуірде Астанада өткен жекпе-жекте франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) бесінші раундта нокаутпен жеңді.