Абдукодир Хусанов Криштиану Роналдудың командаласы атануы мүмкін

Upl.uz
Португалиялық футбол аңызы Криштиану Роналду «Манчестер Сити» клубымен қысқамерзімді келісімшарт жасасуы мүмкін, деп хабарлайды Bassport.kz Upl.uz сайтына сілтеме жасап.
БАҚ-та тараған мәліметке сәйкес, ағылшын клубы Роналдуды бір айға жалға алу нұсқасын қарастырып жатыр. Бұл келісім клубтық әлем чемпионатына қатысу үшін жүзеге асуы ықтимал.
Өз кезегінде Роналду да бұл ұсынысты қарастыруға дайын екендігін білдірген. Оның қазіргі командасы — саудиялық «Аль-Наср» — шабуылшының жаңа турнирде өнер көрсету ниетін қолдап отыр және жалға беруге қарсы емес.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Манчестер Сити» сапында Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусанов өнер көрсетуде. Егер трансфер жүзеге асса, Хусанов пен Роналду бір клубта доп тебуі мүмкін.