Фонсека "Лионның" жеңілісі жайлы: "4:2 есебімен жеңіп жатқанымызда, тым ерте қуанып қойдық"

Фонсека
Футбол

Джеймс Хорнкэсл

«Лион» командасының бас бапкері Паулу Фонсека Еуропа лигасының ширек финалындағы «Манчестер Юнайтедке» қарсы жауапты матчтағы жеңілістен кейінгі эмоцияларымен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

Франциялық клуб сырт алаңда 0:2 есебімен ұтылып жатса да, есепті 2:2-ге жеткізіп, ойынды қосымша уақытқа апарды. 89-минутта бір ойыншысынан айырылғанымен, овертаймда 4:2 есебімен алға шықты. Алайда соңында 4:5 есебімен жеңіліп қалды.

«Менің көңілімде аралас сезімдер. Нақты не болғанын түсіну қиын. Ең алдымен, біз керемет нәрсеге қол жеткізгенімізді атап өткім келеді. Он ойыншымен 4:2 есебімен алға шықтық — бұл таңғаларлық жағдай. Бірақ біз бұл есепке тым ерте қуанып, тойлай бастадық. Матч әлі аяқталмаған еді.

Біздің негізгі қателігіміз – эмоциялық тепе-теңдіктің жетіспеуі. Бұл жалғыз жағымсыз сәт. Уақыт әлі бар екенін естен шығарып, ерте қуанып кеттік. Ойынды жалғастыру туралы ойлауымыз керек еді. Тәжірибе жетіспеді. Өкінішті, өйткені біз бұдан да көп нәрсеге лайық едік», – деп келтіреді Фонсеканың сөзін Goal порталы Get French Football News дерегіне сүйене отырып.