Месси болашағынан зор үміт күтетін 10 футболшыны атады

Әлеуметтік желі
Аргентина құрамасының капитаны және «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси әлемнің болашағынан зор үміт күттіретін жас футболшыларының тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz Give Me Sport басылымына сілтеме жасап.
Мессидің пікірінше, ең дарынды жас ойыншылар қатарында «Барселонаның» вингері Ламин Ямаль, «Ювентустың» футболшысы Кенан Йылдыз, «Филадельфия» клубының вундеркинді Каван Салливан, АҚШ әйелдер құрамасының ойыншысы Джейден Шоу, «Лейпциг» жартылай қорғаушысы Антонио Нуса, «Ноттингем Форест» шабуылшысы Джоэль Ндала, әйелдер арасындағы «Барселона» жұлдызы Вики Лопес, тағы бір «Лейпциг» ойыншысы Ассан Уэдраого және«Монакодағы» Элис Бен-Сегир бар.
Еске салайық, Месси «Интер Майами» сапында 2023 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. Сол уақыттан бері ол 49 матч өткізіп, 42 гол соғып, 21 нәтижелі пас берген. Қазіргі келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін жарамды. Transfermarkt мәліметінше, шабуылшының нарықтық құны 20 миллион еуро.