Геннадий Головкиннің Садриддин Ахмедовтың мансабындағы күтпеген рөлі анықталды

instagram.com/sadriddin_____soq
GGG-мен ұзақ жылдар бойы бірге жұмыс істеген аты аңызға айналған жаттықтырушы Абель Санчес қазақстандық жас талант Садриддин Ахмедовтың (15-0, 13 KO) болашағы туралы пікір білдірді, деп жазады Basports.kz сайты Sports.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Қазіргі таңда Садриддин Геннадий Головкиннің бұрынғы командасының басқа мүшелерімен де жұмыс істеп жүр: промоутер Том Леффлер мен менеджер Олег Германмен. Санчестің айтуынша, дәл осы Головкин Ахмедовке оны бапкер ретінде ұсынған.
«Садриддин маған Геннадийдің менімен жұмыс істеуге кеңес бергенін айтты. Бұл мен үшін үлкен қуаныш. Иә, менің Головкиннің кеңесшілерімен кейбір мәселелер болған, бірақ бұл Гена – керемет боксшы екендігін өзгертпейді. Біз бір-бірімізге табыс әкелдік, тарих жаздық. Ол менің Садриддинге көмектесе алатынымды мойындағаны — мен үшін қуанышты жайт», — деді Санчес Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.Санчес Ахмедовтың әлі де көп нәрсені үйренуі қажет екенін айтады, өйткені оның тек 15 жекпе-жегі бар. Ол Садриддинді асықпай, жүйелі түрде дамытқысы келетінін жеткізді.
«Мен оның титулды жекпе-жекке дейін дайын болуын қалаймын. Алдағы уақытта мұндай мүмкіндік бола қоюы екіталай, сондықтан бізде оны дайындауға уақыт бар. Ең бастысы – ол жаттығуда пысықтаған нәрселерді шаршы алаңда көрсете алса болғаны. Егер Том оған Геннадий сияқты екі ай сайын жекпе-жек ұйымдастыра алса, мен риза боламын», — деді ол.
Ахмедовтың келесі жекпе-жегі 19 сәуірде АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында өтеді. Ол кештің басты кездесуінде мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) жұдырықтасады.