Лионель Месси балаларының сүйікті футболшыларын атады

Лионель Месси балаларының сүйікті футболшыларын атады
Футбол

Әлеуметтік желі

«Интер Майами» шабуылшысы, аргентиналық аңыз ойыншы Лионель Месси балаларының сүйікті футболшылары кім екенін айтып берді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

— Менің балаларым кімдердің ойынын бақылайды? Олар — Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Ламин Ямаль, Роберт Левандовски және Эрлинг Холанд, — деп мәлімдеді Месси All About Argentina парақшасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Лионель Месси 2023 жылдың жазынан бері АҚШ-тың «Интер Майами» клубында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирде 49 матчқа қатысып, 42 гол соғып, 21 нәтижелі пас берген. Қазіргі келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін жарамды. Transfermarkt порталы мәліметінше, футболшының нарықтық құны — 20 миллион еуро.