WBC Баходир Джалолов туралы шешім қабылдады

WBC Баходир Джалолов туралы шешім қабылдады
Бокс

Olympic.uz

Aуыр салмақта өнер көрсететін өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов (15-0, 14 KO) WBC ұйымының жаңартылған рейтингінде өз позициясын жақсартты, деп хабарлайды Bassport.kz.

Сәуір айына арналған рейтингте «Үлкен өзбек» сегізінші орыннан жетінші орынға көтерілді. Еске салайық, WBC әлем чемпионы — украиналық Александр Усик, ал үздік үштікке Лоуренс Околи, Энтони Джошуа және Фабио Уордли (бәрі — Ұлыбритания) кіреді.

5 сәуірде Астанада өткен бокс кешінде Джалолов украиналық Игорь Шевадзутскиймен (12-3, 10 KO) жұдырықтасты. Бұл кездесуде Джалолов төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.