Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында 9:1 есебімен ірі жеңіске жетті

Сали Сабиров/ҚР ҰОК
Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионы В тобы аясындағы соңғы матчында Словениямен кездесті, - деп хабарлайды Bassport.kz сайты Sports.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Ойынға қатысқан құрам келесідей болды:
Қақпашылар: Щеколова (Агеева)
Қорғаушылар мен шабуылшылар: Молдабай-Тұрсынова, Филимонова-Оразбаева-Шегай
Пяткова-Олжабаева, Ашимова – Алдабергенова-Свиридова
Воронова-Буторина, Саяхатқызы М. – Саяхатқызы Д. – Зубкова
Мескини-Яковлева, Иванченко-Куценко-Королева
Кездесудегі есепті бірінші кезеңде Екатерина Куценко ашты. Екінші кезеңде Дария Молдабай дубль жасап, есеп айырмасын арттырды. Сондай-ақ Анна Пяткова, Пернеш Ашимова және Александра Воронова бір-бір шайбадан соқты.
Соңғы жиырма минутта Анастасия Оразбаева көзге түсіп, тек содан кейін словениялықтар бір шайбамен жауап берді. Ойынды Татьяна Королева мен тағы да Куценконың голы түйіндеді — 9:1.
Осылайша, Қазақстан құрамасы турнирде 5 матч өткізіп, оның екеуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілді. Жалпы алғанда 6 ұпай жинап, турнир кестесінде 4-орында тұр. Бұл нәтиже команданың дивизионнан жоғары да, төмен де түспейтінін білдіреді.