Чемпион оралды: Криштиану Роналду UFC жауынгерін чемпиондық белбеуді ұтып алғанымен құттықтады

AP / Jon Super
Сауд Арабиялық "Әл-Насрдың" танымал шабуылшысы Криштиану Роналду жартылай жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Александр Волкановскиді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
13 сәуір күні Майамиде "Касейя-центр" кешенінде UFC 314 турнирі өтіп, басты кардта аустралиялық жауынгер Александр Волкановски шайқасқа түсті.
Жекпе-жектен кейін ол әлеуметтік желіге белбеумен түскен суретін жариялады. Аталған жазбаға әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду да пікір қалдырып, Александрды жеңісімен және көптен күткен оралуымен құттықтады.
"Екінші рет, балақай", - деп жазды UFC чемпионы.
"Чемпион оралды"7 - деп пікірін қалдырды Криштиану.
Еске сала кетейік, Александр Волкановски мексика-бразилиялық файтер Диего Лопеспен жекпе-жек өткізді. Кездесу толық бес раундқа созылып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.
Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде Ливерпуль (Англия) қаласынан шыққан файтер Пэдди Пимблетт пен UFC ардагері, Bellator ұйымының бұрынғы жеңіл салмақтағы чемпионы Майкл Чендлер кездесті.
Жекпе-жек барысында Пимблетт Чендлерді тік тұрыс кезінде толықтай басымдықпен соққыға жықты, ал Чендлер болса партерге өтумен аман қалуға тырысты, бірақ ол жерде де сәтсіздікке ұшырады. Үшінші раундтың басында Пимблетт қарсыласын партерге түсіріп, екі минуттан кейін маунттан қарқынды соққылармен сабап, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр етті. Жеңісті техникалық нокаутпен ағылшын спортшысы Пимблетт иеленді.