Фрэнк Лэмпард: «Есімде, Жозе алғашқы жаттығуға келе сала өзін өте сенімді ұстады»

PA Wire
Лондондық «Челсидің» бұрынғы жартылай қорғаушысы, қазіргі «Ковентри Ситидің» бас-бапкері Фрэнк Лэмпард «ақсүйектер» қатарына қосылған Жозе Моуриньоның алғашқы күндері жайлы естелігімен бөлісті. Португалдық бапкері 2004/2005 маусымының басында ағылшындық клубты баптап, бірден чемпиондық дәрежеге көтерді.
«Есімде, маусым алдындағы жиынның бірінші күнінен бастап Жозе өзіне сенімді түрде, қорықпай сөйлеп бастады. Сиэтлге барғанымызда, ол жиналыс ашып, чемпион атануымыз үшін қандай іс-әрекет жасауымыз керектігін айтты. Осыған дейінгі маусымда біз екінші орын алдық, біз ол жағдайдан алыс болмаса да, бірақ, ол келе салысымен біз қалай чемпион атанатынымыздың жоспарын жазып көрсетті. Бұл шынымен де біз үшін жиынның ашылуы болды.
Кейін ол бізбен кездесулер өткізіп, ойын блоктарын талдап, болашақ нәтижелерді ең ұсақ-түйегіне дейін болжай бастады. Біз, әдетте, оның айтқандарын бұлжытпай орындайтынбыз. Мұның бәрі біз үшін тың тәжірибе болды. Бұған дейін жаттықтырушының осыншалық сенімділікпен келіп, тек өзінің айтқаны үшін бізді шабыттандырып, нәтижеге итермелегенін көрмеппін. Бірақ бұл тәсіл сөзсіз жұмыс істеді, өйткені біз өзімізге артылған сенім мен үмітке сай болуға жауапты сезіндік. Мүмкін, ол бізбен ойнаған сол интеллектуалдық ойындардың сұлулығы да осында шығар, – деді Лэмпард «The Telegraph» баспасына берген сұхбатында.
Дәл қазіргі сәтте Жозе Моуриньо «Фенербахче» клубының бас-бапкері қызметін .