Маусым аяқталғанда «МЮ» сапынан екі футболшының кететіні белгілі болды

39 жастағы қақпашы Том Хитон мен 37 жастағы қорғаушы Джонни Эванс осы маусымның соңында «Манчестер Юнайтед» клубынан кетеді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты, Фабрицио Романоның X- әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.
Бұл туралы журналист Фабрицио Романо әлеуметтік желі Х-те (бұрынғы Twitter) хабарлады. Екі футболшының да келісімшарттары 2025 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
Эванс — «қызыл сойқандардың» түлегі және 2015 жылға дейін клуб жүйесінде болған. 2023 жылдың шілдесінде қорғаушы қайтадан «Манчестер Юнайтед» сапына қосылды. Қазіргі маусымда тәжірибелі Солтүстік Ирландия өкілі барлық турнирлерде 12 ойын өткізіп, бір гол соқты.
Хитон да «Юнайтед» академиясының түлегі. Қақпашы 2010 жылдың жазында клубтан кеткен, алайда тоғыз жылдан кейін өз клубына қайта оралған.