UFC экс-чемпионы: «Топурия Махачевті нокаутқа түсіре алады»

UFC экс-чемпионы: «Топурия Махачевті нокаутқа түсіре алады»
Жекпе-жек

Әлеуметтік желі

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачев пен жартылай жеңіл салмақтан көтерілген Илия Топурия арасындағы ықтимал жекпе-жек жанкүйерлер арасында қызу талқыланып жатыр. Бұл ретте бұрынғы жеңіл салмақ чемпионы Шон О’Мэлли де өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.  

— Топурия Махачевті нокаутқа түсіре алады. Бұл — әбден мүмкін сценарий. Бірақ, өкінішке қарай, Илия мен Диего Лопестің жекпе-жегін енді көре алмаймыз, — деді О’Мэлли Pound 4 Pound with Kamaru & Henry YouTube арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Илия Топурия жуырда UFC-дегі жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуінен ресми түрде бас тартып, жеңіл салмаққа ауысты. Бұл дивизионда қазіргі таңда ресейлік Ислам Махачев чемпиондық титулға ие.