UFC Ислам Махачевке ультиматум қойды — Топурия титулдық жекпе-жек талап етуде

UFC Ислам Махачевке ультиматум қойды — Топурия титулдық жекпе-жек талап етуде
Жекпе-жек

Getty Images

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачевке ұйым ішінен қысым күшейе түсті. Жақында ғана жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуден бас тартқан испаниялық грузин Илия Топурия (16-0) UFC басшылығымен жасаған келісімге сілтеме жасап, Махачевпен титулдық айқас өткізуге толық құқығы бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz Vringe.com-ға сілтеме жасап.

— UFC маған титулдық жекпе-жек уәде етті. Олар әрқашан сөзінде тұрады. Сондықтан да мен өз белбеуімді босаттым, — деді Топурия журналистерге берген сұхбатында.

Алайда Ислам Махачев бұл жекпе-жекке қарсы. Ол Топурия алдымен жеңіл салмақтағы үздік қарсыластардың бірін жеңіп, титулға лайық екенін дәлелдеуі керек деп есептейді. Осыған байланысты тілшілер Илиядан Махачевке тек екі жол қалғанын сұрады: не айқасқа келісу, не чемпиондық атақтан бас тарту. Топурия бұл сұраққа нақты жауап берді:

— Иә, дәл солай. Таңдау — Исламда.

UFC ішіндегі бұл тартыс жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырып отыр. Махачев – жеңіл салмақтағы ең мықтылардың бірі, ал Топурия – жеңіліс көрмеген, жаңа жұлдыз. Енді UFC бұл дуэльді ұйымдастыра ма, әлде Махачев өз титулын қорғау үшін басқа қарсылас таңдай ма — алдағы уақытта белгілі болады.