Шалдар халқы Гимназиада жүлдегері Қалыбек Нұрқожаны дүркіретіп қарсы алды

Шалдар халқы Гимназиада жүлдегері Қалыбек Нұрқожаны дүркіретіп қарсы алды
Күрес

Сербияның Златибор қаласында өткен ISF U15 халықаралық Гимназиадасынан жүлдемен оралған Қалыбек Нұрқожаны туған ауылы – Шалдар жұрты ерекше қошеметпен қарсы алды.

Ауыл халқы жиналып, концерттік бағдарлама ұйымдастырып, жас балуанның құрметіне шағын мереке өткізді.

Еркін күрестен қола жүлде еншілеген Қалыбек – Auyl Sport жобасының қатысушысы. Ол 2024 жылғы республикалық турнирдің жүлдегері ретінде халықаралық жарысқа жолдама алған болатын. 55 елден 2500-ден астам спортшы қатысқан дүбірлі додада 13 жастағы Қалыбек қазақ елінің қоржынына медаль салды.

Auyl Sport – 2024 жылдан бастап ауыл жастарына арналған ең ірі республикалық спорттық жоба. Былтыр еліміздің 200-ге жуық елді мекенінен 12 мыңға жуық спортшы қатысқан. Жоба бокс, күрес, шахмат, волейбол сынды спорт түрлерін қамтиды.