Микель Артета: «Мадридтің тарихы – кез келген бапкерге шабыт береді»

Микель Артета: «Мадридтің тарихы – кез келген бапкерге шабыт береді»
Футбол

Getty Images

«Арсеналдың» бас бапкері Чемпиондар Лигасының ширек финалының қарсаңында баспасөз конференциясын өткізді.

«Реал Мадрид» туралы:

«Мен бұл клубтың тарихына үлкен құрметпен қараймын және олардың Чемпиондар Лигасында жеткен жетістіктеріне тәнтімін. Бұл – ғажайып дүние. Егер маған таңдау керек болса, мен де осы қарсыласты таңдаған болар едім».

«Реалдың» камбэктары жайлы:

«Бұл – мадридтің тарихының бір бөлігі. Біз жеңіске жетуге дайындалып жатырмыз. Негізгі ой – басым болып, оларды жеңе алатынымызға сену. Қарсыласты саралай келе, біз олардың камбэк жасауының себептерін түсінуіміз керек – бұл ішінара шеберлік, ішінара сәттілік. Кез келген сценарийге дайын болуымыз қажет».

Эмоциялар туралы:

«Үш маңызды аспект бар: физикалық, техникалық-тактикалық және эмоциялық, соңғысы өте маңызды. Бұл ойын бізге осы жайлы айтады. Мұндай матчтарға дайын болуымыз және олардан ләззат алуды үйренуіміз керек».
Қорқыныш туралы:

«Мен бұл сөзді қолданғым келмейді. Құрмет пен сүйсіну – міне, менің көзқарасым. Мадридтің тарихы мен құндылықтары – кез келген бапкер мен командаға шабыт беретін дүние. Бірақ біз өте мықты қарсыласқа қарсы матчта жеңіске жетуге бел будық».

Артықшылық бола тұра, неге жеңіске ойнау керек: 

«Біз дәл осылай ойнаған кезде өзімізді жайлы сезінеміз. Біз қарсыластан мықты болып, ең үздік жолмен жеңіске жетуді қалаймыз. Егер біз мұны жүзеге асырсақ, жартылай финалға бір қадам жақындаймыз».