Француз боксшысы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек алдында қазақстандықтарды қорқытты

Француз боксшысы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек алдында қазақстандықтарды қорқытты
Бокс

Ring

Француз боксшысы Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО) Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) өтетін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bassport.kz

«Бұл – менің өмірімдегі ең маңызды жекпе-жек. Мұны бүкіл әлем күтіп отыр. Бұл жекпе-жек әлемді дүр сілкіндіреді. Оған тіпті қазақстандықтар да дайын болмайды. Бұл – бірінші раундтан соңғы раундқа дейінгі нағыз айқас болмақ. Тарихи оқиғаға куә болуға дайын болыңыздар. 5 сәуірде кездескенше!» – деді Нгамиссенге.

Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссенге арасындағы жекпе-жек 5 сәуірде Астанада өтеді. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулдарын қатарға қояды.