Атақты боксшы Джордж Форман 76 жасында өмірден өтті

Олимпиада чемпионы және аты аңызға айналған боксшы Джордж Форман 76 жасында қайтыс болды. Бұл туралы спортшының отбасы TMZ басылымына хабарлады.
Форманның туыстарының айтуынша, ол жақындарының ортасында тыныш өмірден өткен.
Марқұмның жақындары рингтен тыс жетістіктерін де атап өтті:
«Діндар уағызшы, адал жар, сүйікті әке және мақтан тұтар ата – ол мызғымас сенім, кішіпейілділік пен табандылықтың символына айналған өмір сүрді», – делінген отбасы таратқан хабарламада.
Джордж Форман – америкалық аңызға айналған ауыр салмақтағы боксшы, екі дүркін әлем чемпионы, 1968 жылғы Олимпиада чемпионы. Ол 1970-жылдары өзінің жойқын соққылары мен агрессивті стилінің арқасында танымал болды. 1973 жылы Джо Фрейзер мен Кен Нортонды нокаутпен жеңіп, чемпион атанды. 1974 жылы Мұхаммед Әлиден жеңілгеннен кейін спорттан кетіп, уағызшы болды, бірақ 1980-жылдары қайта оралды.