Қазақстандық гимнасттар Антальяда өткен әлем кубогі кезеңінде екі жүлде жеңіп алды

Қазақстандық гимнасттар Антальяда өткен әлем кубогі кезеңінде екі жүлде жеңіп алды
Гимнастика

gov.kz

Қазақстандық гимнасттар Түркияның Анталья қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде екі медаль еншіледі. Олар ат снарядындағы жаттығулардың финалында сәтті өнер көрсетті.

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов осы бағдарлама бойынша бірінші орын алып, 14,634 ұпай жинады. Бұл – оның Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы халықаралық жарысы еді.

Зейнолла Идрисов 14,300 ұпаймен екінші орынды иеленді.

Үшінші орынды 14,200 ұпай жинаған иорданиялық Ахмад Абу Әл Сауд еншіледі.