Криштиану Роналду мәлімдеме жасады: “Өмірімнің соңына дейін қорғауға дайынмын”

Криштиану Роналду мәлімдеме жасады: “Өмірімнің соңына дейін қорғауға дайынмын”
Футбол

Flicr

Португалия құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Криштиану Роналду ұлттық команданың намысын соңына дейін қорғайтынын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.  

— Мен Португалияның жалауын өмірімнің соңына дейін қорғауға дайынмын. Егер Данияға қарсы матчта гол соқпасам да, команда жеңіске жетсе, мен бақытты боламын. Себебі футбол – менің өмірім, — деді 40 жастағы шабуылшы баспасөз мәслихатында.

Португалия мен Дания арасындағы кездесу Лиссабонда, «Жозе Алваладе» стадионында өтеді. Бұған дейінгі матчта дат құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Жалғыз голдың авторы – шабуылшы Расмус Хойлунд.