Новак Джокович болашағы туралы ойын бөлісті

Новак Джокович болашағы туралы ойын бөлісті
Теннис

Әлеуметтік желі

Сербиялық теннисші Новак Джокович алдағы жоспарларымен бөлісті.

“Мен бұл спорттан ләззат аламын. Әр матчта бұл сезімді сезіне бермейтінім анық, бірақ үздіктермен жоғары деңгейде бәсекеге түсуге қауқарым жетіп тұрғанда, кортқа шығамын. Қалауым бар, жақындарымның қолдауы да бар, сондықтан қаншалықты алысқа бара алатынымды көреміз,” – деді Джокович Tennis.com сайтына берген сұхбатында.

Новак Джокович — “Үлкен дулыға” турнирлерінің 24 дүркін чемпионы және әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы. 

22 наурыз күні сербиялық теннисші Майамиде өтіп жатқан турнирдің үшінші айналымына өтті. Ол екінші айналымда АТР рейтингісінде 86-орында тұрған аустралиялық Ринки Хидзикатуды 6:0, 7:6 (7:1) есебімен жеңді.