МакГрегор Трамптың сөздеріне жауап берді

Жекпе-жек
AllBoxing
Жеңіл және жартылай жеңіл салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы, ирландиялық файтер Конор МакГрегор АҚШ-тың президенті Дональд Трамптың мақтауына жауап берді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Айта кетейік, Трамп Ирландияның премьер-министрі Михол Мартинмен кездесуінде МакГрегорға оң бағасын берген.
«Маған сіздердің спортшыларыңыз ұнайды. Ол – нағыз жекпе-жек шебері. Оның денесіндегі суреттер – мен көрген ең кереметтері. Конор – ғажап!» – деді Трамп.
Оған жауап ретінде Конор МакГрегор X әлеуметтік желісінде:
«Рахмет, президент Трамп!» – деп жазды.
Еске сала кетейік, МакГрегор 2021 жылдың жазынан бері октагонға шықпаған. Соңғы жекпе-жегінде ол америкалық Дастин Порьеге қарсы шығып, аяғын сындырып, жеңіліске ұшыраған еді.