Атақты Фалькаоның ұлы “Оқжетпеске” ауысуы мүмкін

Футбол
ФК “Елімай”
Атақты футзалшы Фалькаоның ұлы Энцо Мендес “Оқжетпес” командасының қатарына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
22 жастағы бразилиялық қорғаушы биылғы жылдың қаңтарында “Елімай” клубының қаралымына қатысқан, алайда команда құрамында тұрақтап қала алмады.
Энцо Мендес бұған дейін Бразилияның “Деспортиво U20” және “Лондрина-ПР” клубтарында, сондай-ақ Португалияның “Портимоненси U23” және “Лейшойнш U23” командаларында өнер көрсетті.
Ол – Бразилия құрамасының аты аңызға айналған ойыншысы, екі дүркін әлем чемпионы және төрт рет әлемнің үздік футзалшысы атанған Фалькаоның ұлы.