UFC-дегі орнын жоғалта ма? Қазақстандық файтерды салмақ қуа алмағаны үшін қандай жаза күтіп тұр

UFC-дегі орнын жоғалта ма? Қазақстандық файтерды салмақ қуа алмағаны үшін қандай жаза күтіп тұр
Жекпе-жек

UFC.com

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (10-0) UFC-дегі дебюттік жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өте алмады, деп хабарлайды Bassport.kz.

16 наурыз күні Лас-Вегаста Нұрғожай бразилиялық Брендсон Рибейромен (16-7) кездеседі. Алайда салмақ өлшеу рәсімінде Дияр 95,48 кг көрсетіп, 93 кг шегінен асып кетті. Рибейро өз салмағына сәйкес (92,98 кг) шықты. Соған қарамастан, жекпе-жек күшінде қалады.

Алайда бұл жағдай Нұрғожай үшін ауыр салдарға әкелуі мүмкін. “Вестник ММА” Telegram-арнасы оның UFC-дегі болашағына қауіп төніп тұрғанын жазды:

«UFC-дегі жаза қандай? Дияр жалақысының 25%-ын қарсыласына береді. Сондай-ақ, егер ол жеңілсе немесе көзге түсерліктей жекпе-жек көрсетпесе, UFC-ден кетуі мүмкін», – деп хабарлады дереккөз.

Еске сала кетейік, Нұрғожай UFC-ге 2023 жылдың қазан айында Дана Уайттың претенденттік сериясы арқылы өткен болатын.