“Барселона” “Аталантаның” шабуылшысы Адемола Лукманға қызығушылық танытуда

Футбол
Reuters
Каталониялық “Барселона” италиялық “Аталанта” клубының шабуылшысы Адемола Лукманға көз тігіп отыр.
Mundo Deportivo басылымының мәліметінше 27 жастағы Лукманның “Аталантамен” келісімшартының аяқталуына бір жыл қалған. Алайда италиялық клуб шабуылшысымен осы жазда 30 миллион еуроға қош айтысуға дайын. Лукман да клуб ауыстыруға қарсы емес және бұған дейінгі ақпараттарға сәйкес, “Барселонаға” ауысуға басымдық беріп отыр.
Ағымдағы маусымда Лукман керемет нәтижелер көрсетіп жүр – ол “Аталанта” сапында 32 матчта 18 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.
Transfermarkt порталының мәліметінше, ойыншының нарықтық құны 55 миллион еуроны құрайды.