Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі сәтсіз дебютінің себебі айтылды

Жекпе-жек
GettyImages.ru
Fight Nights Global промоушенінің президенті Камил Гаджиев қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы файтер Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіндегі сәтсіздігіне пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
16 наурыз күні таңертең UFC Fight Night 254 турнирінде Нұрғожай бразилиялық Брендсон Рибейродан екінші раундта жеңіліп қалған болатын.
«Менің ойымша, Дияр Нұрғожай қобалжуын жеңе алмады. Көбіне дебют жасаған спортшылар қобалжып, өз деңгейін көрсете алмай жатады. Бұл да сондай жағдай деп ойлаймын. Оның екінші жекпе-жегі өте маңызды болмақ. Дияр мен оның менеджеріне қарсылас таңдау мәселесіне аса мұқият қарауды ұсынамын. Бірден UFC-дегі алғашқы айқасында Брендсон Рибейромен шығу – үлкен тәуекел», – деді Гаджиев өзінің YouTube арнасында.