Криштиану Роналду атақты клубты сатып алмақшы

Криштиану Роналду атақты клубты сатып алмақшы
Футбол

Әлеуметтік желі

Саудиялық «Аль-Наср» мен Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду әйгілі футбол клубын сатып алу туралы ойланып жүр, деп хабарлайды Bassport.kz.

X әлеуметтік желісіндегi TCR мәліметінше, Роналду қаржылық қиындыққа тап болған испандық «Валенсияны» сатып алуы мүмкін. Португалиялық футболшы бұл жоспарды жүзеге асыру үшін Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед ибн Салманмен серіктестік орнатқан. Жоспар бойынша, корольдік отбасының өкілі қаржылық бөлікті өз мойнына алып, Роналдуға инвестор ретінде қолдау көрсетеді.

«Валенсия» Испанияның ең беделді клубтарының бірі саналады. Команда алты рет Ла Лига чемпионы атанып, сегіз рет Испания Кубогын жеңіп алған. Алайда, қазір Ла Лигада 25 турдан кейін 18-орында тұр, яғни төменгі лигаға түсіп қалу қаупі бар.