«Тұран» Тимурбек Закировпен келісімшартты ұзартты

«Тұран» Тимурбек Закировпен келісімшартты ұзартты
Футбол

ФК “Тұран”

Түркістандық «Тұран» клубы 28 жастағы қазақстандық қақпашы Тимурбек Закировпен жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Жаңа келісім 2025 жылғы маусымның соңына дейін есептелген. Закиров 2023 жылдан бері «Тұран» сапында өнер көрсетіп келеді.

Осы уақыт аралығында ол команда құрамында 29 матч өткізді.