Дарио Чанаджия – «Ордабасының» жаңа ойыншысы

Дарио Чанаджия – «Ордабасының» жаңа ойыншысы
Футбол

ФК “Ордабасы”

Хорватиялық жартылай қорғаушы Дарио Чанаджия «Ордабасы» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды BasSport.kz.

1994 жылдың 17 сәуірінде Бьеловарда туған Чанаджия кәсіби мансабын «Славен Белупо» командасында бастаған. Кейіннен ол «Риека», италиялық «Специя», словениялық «Олимпия» және басқа да еуропалық клубтарда өнер көрсетті. Оның соңғы командасы – хорватиялық «Шибеник» болды.  

Халықаралық аренада Чанаджия Хорватияның жасөспірімдер құрамалары сапында ойнаған. Ол 19 жасқа дейінгі құраманың қатарында 14 матч өткізіп, 20 жасқа дейінгілер арасында бес ойынға қатысты. Ал 21 жасқа дейінгі құраманың сапында екі матч өткізіп, екі гол соқты.