Ризабек Айтмұхан АҚШ-тың олимпиада чемпионымен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Ризабек Айтмұхан АҚШ-тың олимпиада чемпионымен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады
Күрес

ҰОК

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен жекпе-жек алдындағы дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды Bassport.kz Meta-ratings.kz дерегіне сүйене отырып.

“Көптеген жанкүйер бұл кездесуді асыға күтіп отыр. Мен Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге Ақбұлақ базасында дайындалдым. Жаттығу кезеңі өте жақсы өтті, толықтай дайынмын. Алты минут бойы күресуге дайынмын. Бұл қызықты әрі тартысты бәсеке болады” – деді Айтмұхан.

Айта кетейік, Айтмұхан мен Снайдер арасындағы белдесу 25 ақпанда Алматыда өтеді және PWL8 күрес турнирінің басты оқиғасы болмақ.