Ризабек Айтмұхан мен Олимпиада чемпионы арасындағы белдесу айқын жеңіліспен аяқталды

Ризабек Айтмұхан мен Олимпиада чемпионы арасындағы белдесу айқын жеңіліспен аяқталды
Күрес

ҰОК

Алматыда PWL-8 күрес турнирі өтті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан мен АҚШ-тың Олимпиада чемпионы Кайл Снайдер кездесіп, 97 кг салмақта белдесті. Снайдер 8:0 есебімен таза жеңіске жетті.

Америкалық балуан бұл турнирде екі рет күресті. Бұған дейін ол ресейлік Константин Пшеничниковты жеңген еді.

Сондай-ақ, бүгін Жәмилә Бақбергенова (76 кг) мен Азамат Дәулетбеков (86 кг) де бозкілемге шықты. Бақбергенова қырғыз балуаны Айпери Медет кызына жол берді. Дәулетбеков Беларусь спортшысы Магомедхабиб Кадимагомедовтен басым түсті.