Странджа кубогы: Қазақстандық үш боксшы екінші айналымға өтті

Бокс
Данияр Майлыбаев
Болгарияда өтіп жатқан Странджа кубогының алғашқы жарыс күнінде төрт қазақстандық боксшы рингке шығуы керек еді, деп хабарлайды BasSport.kz, Sport+ сілтеме жасап.
60 кг салмақта сынға түскен Серік Теміржанов пен 67 кг салмақтағы Төрехан Сабырханның қарсыластары жекпе-жектен бас тартты. Осылайша, олар автоматты түрде екінші айналымға өтті.
Санатәлі Төлтаев өз жекпе-жегін сенімді өткізді. Ол болгариялық қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ал 57 кг салмақтағы Дәулет Молдашев алғашқы айналымда Әзербайжан спортшысына жол беріп, турнирден шығып қалды.