«Челси» бапкері Дастан Сәтпаев үшін Алматыға келеді

«Челси» бапкері Дастан Сәтпаев үшін Алматыға келеді
Футбол

“Қайрат” ФК

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Лондоннан Сәтпаев үшін арнайы жаттықтырушы келетінін растады, деп хабарлайды Bassport.kz. Sport18.kz телеграм арнасына сілтеме жасап.  

Алайда маман Дастанмен жеке жұмыс істемейді. Оның міндеті – жас футболшының дайындығын бақылау, кеңес беру және «Қайрат» жаттықтырушыларымен бірлесіп жұмыс істеу.

«Ол мұнда арнайы жаттықтыру үшін емес, Дастанның жаттығу процесін қадағалап, біздің штабпен бірлесіп жұмыс істеу үшін келеді», – деді Уразбахтин.

Еске сала кетейік, 16 жастағы Дастан Сәтпаевтың «Челси» клубына трансфері ресми түрде мақұлданған. Жоспар бойынша ол 2026 жылдың жазында, 18 жасқа толғанда, ағылшын клубының толыққанды ойыншысы атанады.