Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстан спорты үшін тарихи шешім қабылдады

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстан спорты үшін тарихи шешім қабылдады
Басқа

Спортты дамыту дирекциясы

2028 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты Астанада өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz Sportarena.kz сілтеме жасап.

Бұл дода Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада алдындағы соңғы іріктеу жарысы болмақ.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Чемпионатты Қазақстан астанасында өткізуге ресми түрде шешім қабылдады. Турнир сәуір немесе мамыр айында ұйымдастырылады, нақты датасы кейінірек белгілі болады.

Қазақстан бұған дейін 2014 жылы әлем чемпионатын қабылдаған. Алайда допинг дауларынан кейін елімізге мұндай беделді жарыстарды өткізуге мүмкіндік берілмей келген еді.