Робин ван Перси – «Фейеноордтың» жаңа бас бапкері

Робин ван Перси – «Фейеноордтың» жаңа бас бапкері
Футбол

Әлеуметтік желі

Голландиялық футболдың аңызы Робин ван Перси ресми түрде «Фейеноорд» клубының бас бапкері болып тағайындалды. Ол роттердамдық клубпен 2027 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойды, деп жазады BasSport.kz.

Ван Перси бұл қызметте Бриан Прискені алмастырды. Приске «Фейеноордты» Арне Слот «Ливерпульге» кеткеннен кейін басқарған еді, алайда оның жетекшілігінде команда соңғы алты матчтың тек біреуінде ғана жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта «Фейеноорд» Эредивизия турнирлік кестесінде үшінші орында тұр, көшбасшы «Аякстан» 11 ұпайға қалып келеді. Ал Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Ван Перси командасы «Интерге» қарсы ойнайды.