«Қайрат» финалда «Ақтөбені» жеңіп, Қазақстан Суперкубогын иеленді

Футбол
KFF
Алматылық клуб финалда қарсыласын 2:0 есебімен ұтып, жанкүйерлерін қуантты.
«Ақтөбе» үшін бұл ойын сәтсіз өтті – команда 90 минут ішінде қақпаға бірде-бір соққы жасай алмады.
«Қайрат» бұған дейін 2016 және 2017 жылдары Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған.
2016 жылы алматылықтар «Астананы» пенальти сериясында 5:4 есебімен ұтса, 2017 жылы сол қарсыласын 2:0 есебімен жеңіп, тағы да Суперкубок иегері атанған.