Асхат Тағыберген «Ордабасыдан» кетті

Асхат Тағыберген «Ордабасыдан» кетті
Футбол

KFF

Шымкенттің «Ордабасы» клубы 34 жастағы жартылай қорғаушы және команда капитаны Асхат Тағыбергеннің клубтан кеткенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Клуб пен ойыншы арасындағы келісімшарт екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.

Тағыберген «Ордабасы» сапында 67 матч өткізіп, 17 гол мен 25 нәтижелі пасымен көзге түсті.