Роналду мен Месси бір клубта ойнай ма? Белгілі инсайдер шындықты ашты

Футбол
Әлеуметтік желі
Белгілі журналист Фабрицио Романо Криштиану Роналдудың Лионель Мессимен бірге «Интер Майами» сапында ойнауы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Bassport.kz Sport-express.ru-ға сілтеме жасап.
— Криштиану Роналду мен Лионель Месси клубтық әлем чемпионатында «Интер Майами» сапында бірге ойнайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл тек қауесет, ешқандай негізі жоқ, – деп жазды Романо әлеуметтік желіде.
Бұған дейін БАҚ-та португалиялық шабуылшының «Аль-Насрдан» кетіп, 2025 жылғы клубтық әлем чемпионатында өнер көрсету үшін америкалық клубпен қысқа мерзімді келісімшарт жасауы мүмкін деген хабар тараған болатын.
Айта кетейік, клубтық әлем чемпионаты АҚШ-та 14 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді.