Асхат Тағыберген «Тоболға» оралды

Футбол
ФК “Тобыл”
Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген қостанайлық «Тобол» командасының сапында жаттығуға кірісті, деп хабарлайды BasSport.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
Футболшы командадағы серіктестеріне таныстырылып, ҚПЛ-дің үшінші турындағы «Елімайға» қарсы матчқа дайындықты бастап кетті.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының капитаны «Ордабасыдан» Шымкент әкімі футболшының жалақысын жариялаған соң кеткен болатын.