Шавкат Рахмоновқа UFC чемпиондық белбеуі туралы жақсы жаңалық жетті

Vesti
Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов келесі чемпиондық жекпе-жекке негізгі үміткер ретінде қарастырылуда, деп хабарлайды Bassport.kz Sport18.kz сілтеме жасап.
Eurosport Nederland журналисі және Tapology.com редакторы Марсель Дорффтың айтуынша, Белал Мұхаммед пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жектен кейін UFC титулы үшін Рахмонов таласады.
— Бұл 100% шындыққа жанасады. UFC президенті Дана Уайттың өзі Шавкат толық қалпына келгеннен кейін титулдық айқасқа бірінші үміткер болатынын айтты, – деді Дорфф.
Еске сала кетейік, бастапқыда Шавкат Рахмоновтың Белал Мұхаммедпен чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуы жоспарланған еді. Алайда қазақстандық файтер жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Оның орнына австралиялық Джек Делла Маддалена шығады.
Белал Мұхаммед пен Джек Делла Маддалена арасындағы титулдық кездесу 10 мамырда Монреальда өтетін UFC 315 турнирінің басты жекпе-жегі болмақ.